Алматы облысында тәркіленген ойын автоматтары жойылды

Алматы облысында тәркіленген ойын автоматтары жойылды

Ағымдағы жылдың 12 тамызында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ойын мекемесін заңсыз ашу немесе ұстау және ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастыру туралы қылмыстық істер шеңберінде алынған ойын автоматтары мен терминалдарын жойды. Аталған ойын автоматтары Алматы облысының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәркіленді.

Сот шешімімен заңды күшіне енген 5 үкім бойынша Департамент Алматы облысында орналасқан ірі металл сынықтарын қабылдау пункттерінің бірінде 15 данадан астам ойын автоматтарын жою бойынша жұмыс жүргізді.