
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстың сату орындарында суррогаттық алкоголь өнімдерін сататын фактілер бойынша тексеру шараларын жүргізді.
Осылайша, өткізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жеке үйінде алкоголь өнімін жасайтын астыртын цехтың қызметін ұйымдастырған Қостанай облысының Жітіқара қ. тұрғыны ұсталды.
Цехті тексеру барысында спирт қосылған сұйықтық, өнімді құюға арналған жабдықтар, түрлі ыдыстар, сондай-ақ, заңсыз кәсіпкерлік қызметте қолданылған материалдар анықталды.
Жітіқара аудандық сотының өкімімен Жітіқара қ. тұрғыны әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты болып танылып, айыппұл төлеумен спирт қосылған сұйықтық тәркіленіп алынды.