Батыс-Қазақстан облысында дәрілік заттарды ел аумағынан рұқсатсыз алып шықпақ болғандар жауапкершілікке тартылды

Батыс-Қазақстан облысында дәрілік заттарды ел аумағынан рұқсатсыз алып шықпақ болғандар жауапкершілікке тартылды

Ағымдағы жылдың шілде айының басында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Тасқала» автомобиль өткізу пунктінде ҚР-нан Ресей Федерациясына бағыт алған жүк көлігінің тауар тасымалдау құжаттарын тексеру барысында ҚР әкетуге уәкілетті орган беретін тиісті рұқсат құжаттарсыз, сомасы 1,7 млн. АҚШ долларын құрайтын «Физиотенз» дәрілік заты табылғанын хабарлайды.

Тексеріс барысында «Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ бұл дәрілік затты ҚР аумағынан әкету тәртібін бұзу арқылы алып шыққысы келгені анықталды. Бұл ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 668 бекіткен бұйрығына, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ҚР аумағынан әкету және "ҚР тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қайшы болып табылады.

Нәтижесінде сот АҚ-ды ҚР ӘҚБТК 463 бабының 1 б. сәйкес кінәлі деп танып, әкімшілік құқық бұзушылық объектілерін тәркілеместен 416,700 теңге көлемінде айыппұл салды.