Алматыда карантин кезінде астыртын құмар ойын клубы қызметінің жолын кесті

Алматыда карантин кезінде астыртын құмар ойын клубы қызметінің жолын кесті

Ағымдағы жылдың 9 тамызынада ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қ. бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесіп, Алматы қаласының мейрамханаларының бірінде покер ойындары өткізілген астыртын құмар ойындар клубының заңсыз қызметін анықтады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында клубта карантин режимін бұзған 63 адам орналасып, түнгі 00:00-ден кейін құмар ойындарды ұйымдастырып, қатысқан.

Оқиға орнын тексеру кезінде мейрамхананың банкет залында фишкалары бар 4 футляр, покер ойынына арналған шұғадан жасалған 3 жайма, ойын карталары және ақша қаражаты анықталып, тәркіленді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 307-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру).