Орал қаласының екі тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды

Орал қаласының екі тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тіркелген кезекті екі қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Орал қаласының тұрғыны 2019 жылғы мамыр айында екі мекен-жайда «X Keno» және «Fortuna»-да бағдарламаланатын нөмірлердің нәтижесі бойынша төлемдер (ставкалар) қабылдау арқылы құмар ойындар мен құмар ойындары саласындағы заңсыз әрекеттер жүзеге асырылған тиісті лицензиясы жоқ заңсыз букмекерлік кеңселердің ашылуын ұйымдастырған. Сонымен қатар, салық төлеуші ​​ретінде мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмегендіктен, ұйымдастырушы тұлғада букмекерлік кеңсенің қызметін жүзеге асыруға қажетті лицензия болмағаны анықталды.

Орал қалалық сотының үкімімен айыпталушы ҚР ҚК 307-бабының 1 б. сәйкес кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау орната отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, Орал қалалық соты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін осындай жаза тағайындаумен Орал қаласының тұрғынына қатысты тағы бір үкім шығарды.