Көкшетау қаласы тұрғынының заңсыз алкоголь өнімін сатқаны анықталды

Көкшетау қаласы тұрғынының заңсыз алкоголь өнімін сатқаны анықталды

2020 жылғы 4 тамызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері алкоголь өнімін заңсыз сату әрекетінің жолын кесті.

Көкшетау қаласының тұрғыны 5 литрлік пластик ыдыстарға құйылған алкоголь өнімін Ақмола облысының аудандарына сатқаны белгілі болды.

Тексеріс барысында литрі 1400 теңгеге сатылған жалпы сомасы 1 120 000 теңгені құрайтын 800 литр спирт тәркіленіп алынды.

Тәркіленген алкоголь өнімдері тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін мемлекеттік кірістер органдарына берілді.