Медициналық қызметкер ақшалай сыйақы үшін КВИ-ға теріс нәтижесі бар анықтамалар ұсынған

Медициналық қызметкер ақшалай сыйақы үшін КВИ-ға теріс нәтижесі бар анықтамалар ұсынған

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ПТР-тестіне теріс нәтиже көрсетілген жалған анықтамаларды беру фактісін анықтады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде «Covid-19»-ға ПТР теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы беру үшін 25 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу кезінде 1984 жылы туған  медициналық қызметкер ұсталды. 

Жауап алу барысында Алматы облысының тұрғыны  маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 12-ге жуық осындай анықтама ұсынғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.