
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша құқыққа қайшы іс-әрекеттің жолын кесті.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында екінші деңгейлі банктерден жүйелі түрде ақшаны қолма-қолға айналдыру фактісі анықталды.
Өскемен қаласының екі тұрғыны 2016-2019 жылдар аралығында туыстары мен сенімді тұлғаларының атына 5 жалған кәсіпорынды тіркеген. Кәсіпорындардың номинальды басшылары қаржылық-шаруашылық қызметпен айналыспаған, сонымен қатар бухгалтерлік есеп жүргізіп, салық есептілігін ұсынбаған. Кәсіпорында жұмысшылар штаты мен кәсіпкерлікпен айналысуға қажетті мүліктер болмағаны да анықталды.
Іс жүзінде кәсіпорындар контрагенттерге тауарсыз шот-фактуралар, үстеме ақша және келісім-шарттар жазу мен салық төлеуден жалтару мақсатында шығындардың бір бөлігін заңсыз өсіру үшін қылмыстық іс-әрекетте пайдаланылған.
Нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде 1,1 млрд. теңге көлемінде залал келтірілді.
Тұлғалар ҚР ҚК 28 бабының 3 б. және 216 бабы 3 б. (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) сәйкес кінәлі деп танылып, 3 жылға сотталды.