Қаржы мониторингі комитетінде «АЖ/ТҚҚ мақсатындағы Интернет-барлау. Ашық деректер және интернетте жұмыс» тақырыбында ЕАТ-тың қатысуымен практикумның ашылуы өтті

Қаржы мониторингі комитетінде «АЖ/ТҚҚ мақсатындағы Интернет-барлау. Ашық деректер және интернетте жұмыс» тақырыбында ЕАТ-тың қатысуымен практикумның ашылуы өтті

2020 жылғы 3 тамызда Қаржы мониторингі комитетінде «АЖ/ТҚҚ мақсатындағы Интернет-барлау. Ашық деректер және интернетте жұмыс» тақырыбында ЕАТ-қа мүше мемлекеттер және бақылаушылардың қатысуымен бейнеконференциялық байланыс арқылы семинар-практикумның ашылуы болды.

Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстанның қаржылық барлау қызметінің өкілдері қатысатын аталған семинар 2 аптаға созылады.

Іс-шараны ұйымдастырушы - Қаржылық мониторингінің халықаралық оқу-әдістемелік орталығы. Дәріс оқушы - INFORUS Консорциумының президенті, физика-математика ғылымдарының кандидаты, бәсекеге қабілетті барлау саласындағы жетекші сарапшы Масалович Андрей Игорьевич.

Семинардың мақсаты - ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес мақсатында қаржылық тергеу жүргізу үшін ашық дереккөздерден ақпарат жинау, өңдеу мен пайдалану әдістерін зерттеу және талдау дағдыларын игеру. Іс-шара барысында Интернетті барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін шешімдер қарастырылады.

Қатысушылар сонымен қатар ақпараттық бақылау тапсырмаларын кешенді орындауды ұйымдастыру ережелерімен, сондай-ақ, ЕАТ мүше мемлекеттер мен бақылаушыларды нақты іздеу міндеттерінде аналитикалық технологиялар мен Интернет-зияткерлік әдістерді қолданумен танысады. Іс-шараға қатысушылардың алған білімдері практикалық қолдану арқылы бекітіледі.