Павлодарда ойын терминалдары жойылды

Павлодарда ойын терминалдары жойылды

2020 жылғы 30 шілдеде "KAZ ECO PVL" ЖШС көмегімен ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 7 ойын терминалын жойды.

Бұл ойын терминалдары ойын бизнесі саласындағы заңсыз қызметті ұйымдастыру фактілері бойынша қылмыстық іске қарсы жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Павлодар қаласының аумағында тәркіленді.

Ойын терминалдарын жою компоненттерге бөлшектеу әдісімен жүргізілді, одан әрі мамандандырылған пресспен қысу арқылы жойылды. Бұл әдіс толығымен экологиялық қауіпсіз болып табылады.

Сонымен бірге, азаматтарға  ҚР ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны және соған орындарды бергені үшін  ҚР ҚК 307-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.

«Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңына сәйкес казино мен ойын автоматтарының залдары тек арнайы белгіленген ойын аймақтарында орналасуы қажет.

Құрметті азаматтар!

Егер сізде заңсыз ойын бизнесі туралы ақпарат болса, Комитеттің – 8 (7172) 70-84-78, Павлодар облысы бойынша ЭТД – 8 (7182) 61-33-05, 8 (702) 816-01-81 сенім телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.