Мыңнан астам азамат елорда тұрғыны ұйымдастырған қаржы пирамидасының құрығына түсті

Мыңнан астам азамат елорда тұрғыны ұйымдастырған қаржы пирамидасының құрығына түсті

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында «Астана Раушан касса айналымы» атты қаржы пирамидасының заңсыз қызметінің жолын кесті.

Аталмыш пирамида 2020 жылдың қаңтар айында елорда тұрғынымен құрылған, ал ол алаяқтықпен жеке тұлғалардың қаражатын иемденіп отырған. Құрылу уақытынан бастап қаржы пирамидасының құрығына мыңнан астам Қазақстан Республикасының азаматы түсті. 

Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ҚК 217-б. 2-б. 4-т. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде (ірі мөлшерде ақшаны тарта отырып, қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету).

Жоғарыда көрсетілген қаржы пирамидасының заңсыз әрекетінен жапа шеккендерді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жүгінуін сұраймыз (Желтоқсан көш., 43, тел. 31-61-45, ұялы тел. 8-701-218-5318, 8-701-888-9316).