
ҚР ҚМ ҚМК Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Атырау қаласы тұрғынының дәрілік заттарды жоғары бағада және арнайы рұқсатсыз (лицензиясыз) сатқанын анықтады.
Азаматшаның іс-әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабында көзделген «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу» әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар.
Жалпы сомасы 244000 теңгені құрайтын, ҚР фармацевтикалық бақылауымен сертификатталмаған ресейлік дәрі-дәрмек өнімдері, атап айтқанда, «Плавикс», «Азитрамицин», «Ингавирин 90», «Парацетамол», «Тавиник», «Тромбо АСС», «Кардиомагнил» дәрілері тәркіленіп алынды.
Бұл факт бойынша материалдар Атырау облысы бойынша ТҚСҚБД жіберіліп, тәркіленген дәрі-дәрмектер Атырау облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасына берілді.
Құрметті азаматтар!
Егер Сізге дәрілік препараттарды жоғары бағамен сатуды жүзеге асыратын фармацевтикалық қызмет субъектілерінің (дәріханалардың) құқыққа қарсы іс - әрекет фактілері туралы белгілі болса, Комитеттің – 8 (7172) 70-84-78, Департаменттің – 8 (7122) 35-42-10 сенім телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.