
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру және рейдтік шаралар жүргізу барысында пневмония мен COVID-19 емдеуге қажетті дәрі-дәрмектерді алып-сату фактілерін анықтады.
Департаментпен тәркіленіп алынған, қазіргі танда адам өміріне аса қажетті, атап айтқанда, Цефтриаксон, Ингаверин, Азитромицин, Дексаметазон, Эуфеллин, Парацетамол және т.б. дәрі-дәрмектері «Aktobe medical center» бас дәрігеріне ауруханадағы науқастарды емдеу үшін табысталды.