Түркістан облысында кедендік бақылау барысында оттегі концентраторлары тәркіленді

Түркістан облысында кедендік бақылау барысында оттегі концентраторлары тәркіленді

2020 жылғы 26 шілдеде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті мемлекеттік кірістер органы, прокуратура және «Атамекен» кеден бекетіндегі шекара қызметімен бірлесіп отырып, Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына бағыт алған «Volvo» маркалы 3 жүк көлігін кедендік бақылаудан өткізу барысында жүк тасымалдау құжаттарында көрсетілмеген «Respiro», «Oxygen concеntrator» және «Plusmed-KN01» маркаларындағы 5 дана оттегі концентраторын анықтады. Бұл жабдық пневмония және коронавирус инфекциясы бар науқастарды емдеуде белсенді қолданылады.
Аталған факті Департаменттің АЕК тіркеліп, ҚПК 181-бабы, 2 б. сәйкес (қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар) әкімшілік жауапкершілік тарту туралы мәселені қарастыру үшін Түркістан облысы бойынша МКД жіберілді.