
Бұдан бұрын ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің 100 тонна көлемінде дайын өнім сақталған жалған дәрі-дәрмек жасайтын үлкен астыртын цехті анықтағанын хабарлаған болатын.
Бұл іс бойынша астыртын цехты ұйымдастырушы, оның көмекшісі және делдал анықталып, ұсталды. Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы оларға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі шараны санкциялады.
Алматы қаласы бойынша ЭДТ көрсеткен фактісі бойынша ҚР ҚК 222 бабының 1 б. (тауар белгісін заңсыз пайдалану), 323 бабының 2 б., 1, 3 т. (жалған дәрілік заттармен немесе медициналық бұйымдармен жұмыс істеу) және 262 бабының 1 б., 2 т. (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) бойынша қылмыстық іс тіркелді.