
Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Павлодар қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Павлодар қаласы полиция басқармасының ЕҚҚІҚБ және облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісін анықтады.
Атап айтқанда, жеке тұлғаның тиісті құжаттарсыз (тіркеу куәлігі,
Ұлттық сараптама орталығының өнім қауіпсіздігі және сапа сертификаты және т.б.) 50 мың Қытайда жасалған медициналық масканы заңсыз сату фактісініңжолы кесілді.
Тексеріс кезінде анықталғандай, медициналық маскалар өндірушілермен Қазақстан үшін жасалмаған және тиісінше дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелу және әкету ережелерін бұзу жолымен әкелінген.
Аталған факті бойынша материалдар әкімшілік іс қозғау үшін Павлодар облысының ТҚСҚБД жіберілді.
Құрметті азаматтар!
Егер Сіз дәрілік заттардың, маскалардың, қолғаптардың және басқа да жеке қорғану құралдарының негізсіз қымбаттауының немесе заңсыз сатылуының куәгері болсаңыз, Комитеттің – 8(7172) 70-84-78, Департаменттің –8 (7182) 61-33-05, 8 (702) 816-01-81 сенім телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.