Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың нормаларын түсіндіру бойынша вебинар

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың нормаларын түсіндіру бойынша вебинар

2020 жылғы 24 шілдеде Бірінші кредиттік бюро Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетімен бірлесіп, Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың нормаларын түсіндіру бойынша вебинар өткізді. Вебинарға Қазақстанның 10 аймағынан 200-ге жуық микроқаржылық ұйым қатысты. Вебинардың спикерлері: Бірінші кредиттiк бюросының Атқарушы директоры Нұрғалиева Әсем , сондай - ақ Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері - Басқарма басшысы Сыздықова Ульзана, сарапшы Темірханов Әлішер, бас сарапшы Жанболатова Жанар. Вебинардың қорытындысы бойынша қаржы мониторингі субъектілері КЖ/ТҚҚ туралы заңға енгізілген жаңа өзгерістер, ақпаратты ұсыну, жүйеде тіркеу ережелері бойынша өзекті ақпарат алды, сондай-ақ субъектілердің проблемалық мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.