Семей қаласының тұрғыны асыра көтеріңкі бағамен дәрі-дәрмектерді заңсыз сатумен айналысқан

Семей қаласының тұрғыны асыра көтеріңкі бағамен дәрі-дәрмектерді заңсыз сатумен айналысқан

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында тапшы медициналық препараттарды заңсыз сату фактісін анықтады.
Дәрі-дәрмектерді заңсыз сатумен Семей қаласының тұрғыны айналысқан. Ол «Метрид», «Парацетамол» «Аспирин», «Эргоферон», «Новокаин», «Лидокаин» сияқты тапшы препараттарды көтеріңкі бағамен сатпақ болған.
Осы заң бұзушылық бойынша материал ШҚО бойынша ТҚСҚБД-не айыпты тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.
Құрметті азаматтар! Сіздерге дәрілік препараттарды жоғары бағамен заңсыз сату фактілері жайлы белгілі болса, Комитеттің – 8 (7172) 70-84-78, Департаменттің – 8 (7232) 24-06-05 сенім телефондары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.