Түркістан облысында лицензиясыз дәрі-дәрмектер сатумен және медициналық қызметтер көрсетумен заңсыз айналысқан ЖК жолы кесілді

Түркістан облысында лицензиясыз дәрі-дәрмектер сатумен және медициналық қызметтер көрсетумен заңсыз айналысқан ЖК жолы кесілді

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері ТҚСҚБД қызметкерлерімен бірлесіп, рұқсат құжаттарсыз дәрі-дәрмектер сатумен және процедуралық бөлмеде лицензиясыз медициналық қызметтер көрсетумен заңсыз айналысқан ЖК жолын кесті.

Жедел-тергеу іс-шарасы барысында 12 қорапқа салынып, мөрленген 148 дана дәрі-дәрмек тәркіленіп алынды.

Аталған материал АЕК тіркеліп, қазіргі уақытта бұл факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Дәрі-дәрмектердің жалпы саны мен сомасы анықталуда. Материал ҚР ҚПК 181 бабының 5 б. сәйкес (қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар) Түркістан облысы бойынша ТҚСҚБД жіберілді.