
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті тергеу амалдарын жүргізу нәтижесінде жалған есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімін құю, сақтау және сату бойынша «АПИС» ЖШС заңсыз қызметінің жолы кесілді. Сондай-ақ, Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары сақталмаған.
Тінту барысында кәсіпорында көлемі 0,5 л. және 0,7 л. 1945 бөтелке («Талас», «Белая Лоза», «Белое яблоко») портвейн, 17 797 дана жалған ЕБМ бар 2 бума, бос бөтелкелер, пластик тығындар, дайын өнім және т.б. анықталып, тәркіленді. Тәркіленген заттай деректер жойылды.
Қостанай қаласының №2 сотының үкіміне сәйкес кәсіпорын директоры ҚР ҚК 233-б. 2-б. Қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты болып танылды (Көрiнеу жалған акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында жасау немесе иемдену, сол сияқты пайдалану немесе өткізу).
Оған кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тоғыз айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.