Түркістан облысында ауыл тұрғыны алкогольді қолдан жасау үшін астыртын цех жұмысын ұйымдастырған

Түркістан облысында ауыл тұрғыны алкогольді қолдан жасау үшін астыртын цех жұмысын ұйымдастырған

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облыыс бойынша Экономикалық тергеу департаменті қолдан жасалған алкоголь өнімі өндірісінің орындарын анықтау және жоюға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізген.

Қабылданған шаралар нәтижесінде Төлеби ауданы Көксаек ауылының тұрғыны жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолдана отырып, суррогаттық алкоголь өнімін жасайтын астыртын цехтың жұмысын ұйымдастырғаны анықталды.

Тінтіу барысында «Пшеничная» маркалы көлемі 0,5 л. 64 бөтелке жалған ішімдік анықталып, тәркіленді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚМ 233-б. 2-б. бойынша тергеу ісі басталды (Көрiнеу жалған акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында жасау немесе иемдену, сол сияқты пайдалану немесе өткізу).