Алматы облысының тұрғыны дәрі-дәрмектерді көтеріңкі бағамен сатқаны үшін әкімшілік жауакершілікке тартылады

Алматы облысының тұрғыны дәрі-дәрмектерді көтеріңкі бағамен сатқаны үшін әкімшілік жауакершілікке тартылады

Күшейтілген карантин жағдайында Алматы облысы аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында ҚР ҚМ ҚМК Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, 2000 жылы туған ҚР әйел азаматының дәрілік заттарды жоғары бағамен сату фактісін анықтады.

Ол респираторлық вирустық аурулармен ауыратын науқастарды емдеуге арналған дәрілік заттарды рұқсаттық құжаттарсыз мен лицензиясыз, сондай-ақ көтеріңкі бағамен сатқан.   

Тінту барысында 200 000 теңгеден астам сомаға «Клексан», «Фраксипарин», «Зитмак-500» және басқа да дәрі-дәрмектер тәркіленіп алынды.

Аталған фактінің материалдары Алматы облысы бойынша ТҚСҚБД-не айыпты тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.

Қаржы мониторингі комитеті және аумақтық ЭТД дәрі-дәрмектерді заңсыз сату, сондай-ақ шекті бағаларды бұзу үшін қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы шаралар қарастырылғанын ескертеді.