
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, рұқсаттық құжаттарсыз тапшы дәрі-дәрмектерді сату фактісін анықтады.
Осылайша, бірлескен тексеріс шараларын жүргізу барысында Орал қ. тұрғынының жалпы сомасы 70 000 теңгеге «Ингавирин 90», «Ксарелто», «Ацетилсалицил қышқылы» дәрілік препараттарын сатқандығы белгілі болды. Алайда, аталған тұлғаның сәйкес рұқсаттық құжаттары болмады.
Жинақталған материал айыпты тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін өкілетті органға жолданды.