Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасына 19 млн. теңгеден астам сомаға дәрілік препараттар тапсырылды

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасына 19 млн. теңгеден астам сомаға дәрілік препараттар тапсырылды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстың ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп,  Қордай ауданының «Қарасу» шекаралық бекетінде тауарлық-ілеспе құжаттарсыз дәрі-дәрмектерді тасымалдаған жүк көлігін ұстады. 

         Аталған факт бойынша ҚР ҚК 214-б. 1-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды (заңсыз кәсіпкерлік).

Барлығы көліктің жүк салу бөлігінде 19 млн. теңгеден астам сомаға дәрілік препараттардың 20-ға жуық түрі анықталып, тәркіленді.

         Қазіргі таңда барлық тәркіленіп алынған дәрілік заттар Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.