
ҚР ҚМ Қаржы мониторинг комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысындаАлматы-Қапшағай тас жолында 5 тонна жалған алкоголь өнімін ешқандай рұқсаттық құжаттарсыз Талдықорған қаласына тасымалдаған «Мерседес» маркалы жүк автокөлігі ұсталды.
Алкоголь өнімдері Алматы облысының 1993 жылы туылған тұрғынына тиесілі екені анықталды. Тінту кезінде, құрамында спирті бар 5 литрлік 1000 дана бөтелке тәркіленді.
Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, одан кейін спирт өнімін Алматы облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына беру мәселесі шешілетін болады.