
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел іс-шара нәтижесінде ҚР ДСМ «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрығының талаптарын бұза отырып, дәріханаларда дәрі-дәрмектерді көтеріңкі бағамен сатудың үш фактісі анықталды.
Жедел-тергеу іс-шарасы аясында дәрі-дәрмектердің тиісті рұқсат құжаттарсыз заңсыз сатылғаны белгілі болды.
Тексеру барысында жалпы сомасы 5,6 млн.теңгені құрайтын 1214 дана дәрі-дәрмек (амбро, амбробене, мегасев, ацикловир, цефазолин, цефтриаксон, анальгин, димедрол, анаферон, ремантадин, цефтриакс, зацеф, метрид, метронидазол, цепролет, ациклофир, виферон және т.б.) тәркіленіп алынды.
Жоғарыда көрсетілген фактілерге қатысты материалдар, сонымен бірге тәркіленген дәрі-дәрмектер ҚР заңнамасында қарастырылған жауапкершілікке тарту үшін Шымкент қаласы бойынша ТҚСҚБ департаментіне берілді.