Степногорск қаласында көтеріңкі бағада дәрі-дәрмектер сатқан дәріханалар анықталды

Степногорск қаласында көтеріңкі бағада дәрі-дәрмектер сатқан дәріханалар анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып Степногорск қаласындағы дәріханаларда «Цефтриаксон» және «Ликопид» дәрі-дәрмектерін көтеріңкі бағада сату фактісін анықтады.

Тексеріс барысында «Ликопид» дәрісінің 2 орамасы мен 98 флакон «Цефтриаксон» дәрісі тәркіленіп алынды.

Аталған фактілерде ҚР ӘҚтК 426-б. қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар. Тәркіленіп алынған дәрілік заттар өкілетті органға тексеріс жүргізіп, дәріхана басшылығын әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.