
«Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» ҚР Премьер-Министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы өкімінің 6-т., 2020 жылғы 20 ақпандағы ҚР ДМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес жеке қорғаныс құралдарын елімізден сыртқа шығаруға тыйым салынған (ЖҚҚ).
Алайда, жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері шекара қызметі және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп, ЖҚҚ сыртқа тасымалдамақ болған автокөлікті ұстады.
Тінту барысында сәйкес құжаттарсыз тасымалданған медициналық қолғаптардың 41 қорабы анықталды (80 400 дана).
Аталған факт бойынша іс материалдары мемлекеттік кірістер органдарына айыпты тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.
Сондай-ақ, медициналық өнімдерді өкілетті органға тапсыру мәселесі шешілетін болады.