Орал қаласының тұрғыны қолдан жасалған алкоголь өнімін заңсыз сатқан

Орал қаласының тұрғыны қолдан жасалған алкоголь өнімін заңсыз сатқан

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері суррогаттық алкоголь өнімін өткізу фактісін анықтады.

2020 жылғы 10 шілдеде жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Орал қ. үйлерінің бірінде қолдан жасалған алкоголь өнімін сату фактісі анықталды. Қала тұрғыны контрафактілік өнімді 5 литрлік ыдыста 7000 теңгеге сатқан. Барлығы 85 литр қолдан жасалған алкоголь тәркіленіп алынды.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша материалдар БҚО Полиция департаментіне айыпты тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.