
ҚР ҚМ ҚМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері ШҚО бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қызметкерлерімен бірге сертификатталмаған дәрілерді сату фактісін анықтады.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өскемен қаласындағы сауда үйлерінің бірінде өкілетті органдарда тіркеусіз заңсыз кәсіпкерлік қызметті асыру фактісі ашылды. Атап айтқанда, 42 жастағы облыс орталығының тұрғыны Қытайда шығарылған дәрілік заттарды сату бойынша лицензиясыз қызметті жүзеге асырған.
Сауда орнын тексеру барысында Қазақстан Республикасында рұқсат құжаттарсыз сатылымға шығарылған 48 түрлі вирусқа қарсы дәрілік заттар мен антибиотиктер заңсыз айналымнан алынды.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 214-бабының 1 б. (заңсыз кәсiпкерлiк) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.