Алып-сатарлармен күрес жалғасуда

Алып-сатарлармен күрес жалғасуда

Интернет желісінде мониторинг жүргізу және өмірге қажетті дәрі-дәрмектерді дәріханаларда тұрғындарға көтеріңкі бағамен сату бойынша келіп түскен шағымдарды қарау барысында, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Ақтөбе облысының прокуратурасы мен облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы  мен  қауіпсіздігін бақылау департаменті және Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен дәріханаларға рейдтік тексеру жүргізді.

Нәтижесінде, қаладағы 3 дәріханадан тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген шектеулі бағалардан асатын көтеріңкі бағамен сату фактісі анықталды.

Бұл бағытта жұмыстар жалғастырылуда. 

Құрметті Азаматтар!

Егер Сізге дәрі-дәрмекті көтеріңкі бағамен сатуды жүзеге асыратын фармацевтикалық қызмет субъектілерінің (дәріханалардың) құқыққа қайшы іс-әрекет фактілері туралы белгілі болса, Комитеттің - 8(7172) 70-84-78  сенім телефоны арқылы және der_aktobe04 инстаграм парақшасына хабарлауыңызды сұраймыз.