СҚО заңсыз жұмыс жасап келген дәріхана анықталды

СҚО заңсыз жұмыс жасап келген дәріхана анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті карантиндік шаралар жағдайында дәрі-дәрмектерді көтеріңкі бағада және Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаттарынсыз сату фактісін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Дәрілік-дәрмектерді алып-сатудың жолын кесу бойынша СҚО бойынша ЭТД мен СҚО ПД КПБ қызметкерлерінің бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында СҚО бір ауылында орналасқан заңсыз дәріхананың қызметі тоқтатылды.

Дәріхана пункті азық-түлік дүкенінде осы қызмет үшін міндетті лицензиясыз және дәрі-дәрмектердің бірқатар атауларына Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификатынсыз жұмыс істеген.

Алдын-ала есептеу бойынша шамамен 1 миллион теңгеден астам сомаға 438 дәрі-дәрмек тәркіленді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.