Экономикалық тергеу қызметі еліміздің аумағында дәрі-дәрмектерді сату кезінде құқық бұзушылықтарды анықтауды жалғастыруда

Экономикалық тергеу қызметі еліміздің аумағында дәрі-дәрмектерді сату кезінде құқық бұзушылықтарды анықтауды жалғастыруда

Вирусқа қарсы дәрілік заттар мен антибиотиктердің тапшылығын пайдалан отырып, барлық аумақтарда бірқатар дәріханалар мен азаматтар оларды көтеріңкі бағамен заңсыз сатып келеді.

Осылайша, Көкшетау қ. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу депаартаментінің қызметкерлері «Ациклостад» 200 мг дәрісін қымбаттатылған бағамен 4800 теңгеге сату фактісін анықтады. 

Аталған фактіде ҚР ӘҚтК 426-б. қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар. Тәркіленіп алынған дәрілік заттар өкілетті органға тексеріс жүргізіп, ЖК басшылығын әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Қостанай облысы бойынша ЭТД қызметкерлері «Меркаптопурин»  препаратының 6 қаптамасын 30 000 теңгеге жедел сатып алуды іске асырды.

Дәрілік заттарды Қостанай қ. тұрғыны сәйкес құжаттарсыз және  «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Заңы мен 15.07.2019 ж. ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрығын бұза отырып, заңсыз сатқан.

Аталған факт бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.