
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен дәрілік заттардың жетіспеушілігін қолдан жасаған тұлғаларды анықтауға қатысты іс-шара жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде көлеңкелі нарықта дәрілік заттарды көтеріңкі бағада сатумен айналысқан дәріхана мен фармацевтикалық компаниялардың жұмысшылары ұсталды.
Әлеуметтік қауіп-қатер дәрілік заттардың нақты жетіспеушілігі туындағанға дейін қоймаларда сақталуына байланысты болып отыр. Нарықтық жағдайға сәйкес тапшылық туындағанда бағалар өседі. Фармацевттер өз кезегінде керекті дәрі-дәрмек көлемін дәріхана желілеріне жеткізбей, оларды көлеңкелі нарықта 30-50 пайызға қымбаттатып сатады.
Іс-шара барысында жалпы сомасы 4,7 млн. теңгені құраған 500 бума Ингавирин, Азитромицин, Зомакс дәрі-дәрмектері табылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 214 бабының 1 б. (заңсыз кәсіпкерлік) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Алматы қаласы бойынша ЭТД заңсыз кәсіпкерлік қызметтің заңмен қудаланатынын хабарлайды.