
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асыру, яғни лицензиясыз дәрі-дәрмек сату фактісін анықтап, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Департамент қызметкерлерімен тексеріс мақсатында сатушы медбикеден «Дексаметазон» дәрісінің (инъекцияға арналған ерітінді) бір ампулы 1500 теңгеден сатып алынған. Бұл дәрі COVID-19 емделу үшін қолданылады.
Дәрі-дәрмекті сатып тұрған тұлға медицина қызметкері болуы себепті, Қызылорда облысы Бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 7 шілдесінде №17 қаулысымен құрылған «Қызылорда облысы денсаулық сақтау субъектілерінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі мәселелері бойынша» мониторингтік тобымен қазіргі кезде аталған дәрі-дәрмектің тегін берілуге жататына немесе нақты сатылу бағасы туралы эксперттердің қатысуымен тексеру жүргізілуде.
ҚР ҚК 214 бабы 1 б. сәйкес қозғалған қылмыстық іс Департаменттің өндірісінде.