Жамбыл облысында ілеспе құжаттарсыз тасымалданған дәрілік препараттар бар жүк көлігі ұсталды

Жамбыл облысында ілеспе құжаттарсыз тасымалданған дәрілік препараттар бар жүк көлігі ұсталды

Мемлекет басшысының дәрілік заттардың заңсыз айналымы мен сатылуын анықтау және жолын кесу тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері облыстың ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп атқарған жедел-іздестіру шаралары барысында Қордай ауданының «Қарасу» шекаралық бекетінде 1991 ж.т. ҚР азаматы басқарған жүк көлігін ұстады. 

Жүкті жолдаған фирма Қырғыз Республикасында тіркелген, ал қабылдаушы – РФ-ның кәсіпорны.

         Тексеріс барысында көлікті жүк салу бөлігінде сәйкес құжаттары бар халық тұтынатын тауарлардан басқа тауарлық-ілеспе құжаттарсыз тасымалданған дәрі-дәрмектер анықталды. Олардың ішінде 20-дан астам түрлі дәрілік заттар (500 қаптамадан Парацетамол және Цитрамон, 1750 дана Фаниган, 240 қаптамаданСпазмалгон және Седальгин, 200 қаптама Лидокаин, 22 қорап Тетрациклин, 9 қорап Мукалтин және т.б.), 1400-ден астам қызуөлшегіш  болды.

         Аталған факт бойынша ҚР ҚК 214-б. 1-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.

Одан басқа, рейдтік шараларды жүргізу барысында Тараз қ. дәріханаларының бірінде дәрігердің дәріқағазынсыз және көтеріңкі бағада дәрілік препараттарды сату фактісі анықталды. Бұл бойынша материал заң бұзушыны жауапқа тарту үшін өкілетті органға жолданды.