Атырау қаласында ҚР сертификатталмаған дәрі-дәрмектерді көтеріңкі бағамен сатқан

Атырау қаласында ҚР сертификатталмаған дәрі-дәрмектерді  көтеріңкі бағамен сатқан

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы  мен  қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесе жүргізілген  жедел-іздестіру шаралары  барысында Атырау қаласының «Нұрбек» дәріханасында дәрі-дәрмектерді көтеріңкі бағамен сату фактісін анықтады.

Дәріханада РФ өндірілген дәрілік заттар (Парацетамол, Ацетилсалицил қышқылы) ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.07.2019 ж. бұйрығымен бекітілген бағалардан бірнеше есе асатын бағада сатылған.

Оған қоса, тінту барысында дәріханада ҚР сертификатталмаған РФ өндірілген дәрілік заттар (парацетамол – 90 қаптама, 422 қаптама ацетисалсицил қышқылы (медисорб) 8 қаптама сумамед 500 мг, 244 қаптама цефтриаксон және т. б.) анықталды.

Аталған фактілерде ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар.

Қазіргі уақытта іс материалдары Атырау облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне айыпты тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.

Құрметті Азаматтар!

Егер Сізге дәрі-дәрмекті көтеріңкі бағамен сатуды жүзеге асыратын фармацевтикалық қызмет субъектілерінің (дәріханалардың) құқыққа қайшы іс-әрекет фактілері туралы белгілі болса, Комитеттің - 8(7172) 70-84-78 8 Департаменттің - 8(7122) - 35-42-10 сенім телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.