Алматы тұрғыны 1 млн. теңгеден астам сомаға 140 қаптама «Ингавирин» сатпақ болған

Алматы тұрғыны 1 млн. теңгеден астам сомаға 140 қаптама «Ингавирин» сатпақ болған

Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қаптамасы 7500 теңге көтеріңкі бағамен «Ингавирин» препаратын сатумен айналысқан қала тұрғынын ұстады.   

          Сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.07.2019 ж. бұйрығына сәйкес аталған дәріге шекті баға 1 қаптамасына 5 640 теңгені құрайды.

Жедел шаралар барысында қала тұрғынының жалпы сомасы 1 050 000 теңгеге  қаптама препапат сатпақ болғаны анықталды.  

Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ҚК 214-б. 1-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды (заңсыз кәсіпкерлік).