Ақтөбе қаласында 1 млн. теңгеден астам сомаға дәрі сатқан тұрғын құрықталды

Ақтөбе қаласында 1 млн. теңгеден астам сомаға дәрі сатқан тұрғын құрықталды

COVID-19 пандемиясымен жаппай күрес кезеңінде және аймақтағы эпидемиологиялық күрделі жағдайда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 1 млн. теңгеден астам сомадағы аса қажетті дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактісінің жолын кесті.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Ақтөбе қаласының тұрғынының қала аптекаларындағы вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен антибиотиктердің тапшылығын пайдалана отырып, материалдық пайда табу мақсатында, тікелей пәтерден негізсіз жоғары бағамен пневмония және вирусты инфекцияларды емдеуге арналған әртүрлі тапшы дәрі-дәрмектерді ешбір рұқсат қағазынсыз сатып отырғаны анықталды.
Бұл факт бойынша ҚР ҚК 214-бабы 1 б. (заңсыз кәсіпкерлік) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.