
Дәрі-дәрмектердің тапшылығы және күшейтілген карантин жағдайында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы және Шымкент қ. бойынша Экономикалық тергеу департаменттерінің қызметкерлері қымбаттатылған бағада дәрілік препараттарды заңсыз сату фактілерін анықтаған.
Жедел шаралар нәтижесінде Шымкент қ. және Түркістан облысының аумағында екі қала тұрғынының 750 мың теңгеден астам сомаға дәрілік препараттарды (Ингавирин, Аримакс, Катенокс, Эртапенем, Офлоксацин) рұқсаттық құжаттарсыз заңсыз сатқандығы анықталды.
Дәрілік заттарды сату кезінде олардың бағасы ҚР Денсаулық сақтау министрнің «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» 2019 жылғы 15 шілдедегі бұйрығымен орнатылған шекті бағадан бірнеше есе қымбаттатылған.
Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.