
Ағымдағы жылдың 7 шілдесінде жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қ. бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Алматы қ. ПД және МКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, кәсіпкерлік қызметке рұқсаттық құжаттарсыз ПТР-тесттерін (COVID-19) сатуды ұйымдастырған тұлғалар құрықталды.
Ұсталған тұлғалардың жалпы сомасы 32 900 000 теңгеге 7000 ПТР-тестін заңсыз сатпақ болғаны анықталды. Тексеріс барысында автокөліктен қосымша ҚХР өндірілген 2225 ПТР-тесті анықталып, тәркіленіп алынды..
Қазіргі таңдаа аталған факті бойынша ҚР ҚК 214-б. 1-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды (заңсыз кәсіпкерлік).
Құрметті азаматтар! Қаржы мониторингі комитетінің аумақтыұ Экономикалық тергеу департаменттері дәрілік заттарды сату кезінде спекулятивті бағаны жоғарылату фактілері мен алаяқтық әрекеттердің жолын кесу бойынша рейдтік шараларды өткізетін тергеу-жедел топтарын құрғандығын еске салады.