
2020 жылғы 6 шілдеде күшейтілген карантин жағдайында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында «Алматы-Бішкек» тас жолында рұқсаттық құжаттарсыз және лицензиясыз дәрілік заттардың заңсыз сатылуын іске асырған тұлғаларды ұстады.
Көлікті тінту кезінде 7 млн. теңгеден астам сомаға «Азитромицин» дәрілік препаратының 10 қорабы (әр қорапта 242 қаптама) тәркіленіп алынды.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 214-бабы бойынша тергеу ісі қозғалды (заңсыз кәсіпкерлік).
Анықтамалық ақпарат:
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу қызметінің еліміздің барлық аумағында дәрі-дәрмектерді сату кезінде құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша ауқымды жұмысы шеңберінде аз уақыт ішінде (2020 жылғы 5 және 6 шілде) дәрілік препараттарды заңсыз сатумен байланысты 18 құқық бұзушылық анықталды (Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және Маңғыстау облысы – 3 фактіден, БҚО – 2, Алматы, Атырау, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Түркістан облыстарында – 1 фактіден), 727 млн. теңгеден астам сомаға 182 мың қаптама түрлі дәрілік заттар тәркіленді.
Аталған фактілер бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды (ҚР ҚК 214-б. бойынша – 3, 189-б. бойынша – 1), 3 материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін өкілетті органдарға жолданы, тағы 11 материал бойынша тергеу жүргізілуде.