
Күшейтілген карантин жағдайында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша Көкштеу қ. тұрғынын ұстады.
Бақылаудағы сатып алу арқылы аталмыш тұрғынның «Трамадол» дәрілік препаратының 5 пластинасын 10 000 теңгеге сатпақ болғаны анықталды. Бұл ретте, «Трамадол» капсулаларының бөлшектеп сатылуы 703,27 теңгеден, ал инъекцияға арналған ерітінді 1630,12 теңгеден аспауы керек.
Одан басқа, тінту барысында ұсталғаннан «Трамадол» дәрісінің тағы 7 пластинасы, «Тропикамид» жазуы бар 2 пластик медициналық сауыт, 2 жазуы жоқ сауыт және ақшалай қаражат тәркіленіп алынды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.