Қарағанды қаласының тұрғыны дәрілік препараттарды жоғары бағада заңсыз сатпақ болған

Қарағанды қаласының тұрғыны дәрілік препараттарды  жоғары бағада заңсыз сатпақ болған

COVID-19 пандемиясымен күрес жағдайында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті еліміздің аумағында дәрі-дәрмектерді жоғары бағада заңсыз сату фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша ауқымды жұмысты жалғастыруда.

Осылайша, Комитеттің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері бақылаудағы сатып алу арқылы Қарағанды қ. тұрғынының келесі дәрілік заттарды рұқсаттық құжаттарсыз заңсыз сатпақ болғанын анықтады:

1) 42 қорап «ЦЕФ-III», 1 данасы 1800 теңге;

2) 5 қорап «Зитмак-500», 1 қорабы 4 300 теңге;  

3) 9 қорап «Лидокаин», 1 қорабы 1 000 теңге.

Оған қоса, күдіктіге тиесілі автокөлікті тінту барысында тағы 67 қорап «ЦЕФ-III» анықталып, тәркіленіп алынды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.