
Бүгін ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері дәрілік заттарды жоғары бағада сату фактілерін анықтады.
Осылайша, бас қаланың дәріханаларының бірінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» № ҚР ДСМ-104 бұйрығын бұза отырып, жалпы сомасы 4 980 000 теңгеге Цефтриаксон, Сумамед, Калидавир препараттары заңсыз сатылған.
Оған қоса, елордалық дәріхананың фармацевті Сумамед препаратын рұқсаттық құжаттарсыз 1 қорабын 7500 теңгеге сатқа. Алайда, осы дәріге орнатылған шекті баға 6240 теңгені құрайды.
ЭТД қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыныгның рұқсаттық құжаттарсыз және ЖК ретінде тіркеусіз жалпы сомасы 19 500 теңгеге Сумамед препаратын сатқандығын анықтады. Онда Лавомакс, Ацетилсалицил қышқылы, Цефазолин дәрі-дәрмектері тәркіленіп алынды.
Барлық жоғарыда аталған фактілер бойынша тергеу ісі қозғалды, құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылатын болады.
Құрметті азаматтар! Қаржы мониторингі комитеті елорданың барлық тұрғындары мен қонақтарын дәріханаларда дәрі-дәрмектерді жоғары бағада сату фактілерін анықтаған кезінде Комитеттің – 8 (7172) 70-84-78, Департаменттің – 8 (7172) 31-61-45 сенім телефондары арқылы хабарласуды сұрайды.