
Соvid-19 пандемиясымен күрес кезеңінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері және облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандарымен бірлесіп, өмірлік қажетті дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз жоғарылату фактісінің жолын кесті.
Тапшы вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер Атырау қаласындағы косметикалық салондардың бірінде тиісті рұқсаттық құжаттарсыз (лицензиясыз) заңсыз сатылған.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 214-бабының 1-бөлімі (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.
Құрметті азаматтар!
Егер Сізге дәрілік препараттарды жоғары бағамен сатуды жүзеге асыратын фармацевтикалық қызмет субъектілерінің (дәріханалардың) құқыққа қарсы іс-әрекет фактілері туралы белгілі болса, Қаржы мониторингі комитетінің сенім телефоны – 8 (7172) 70-84-78, Атырау облысы бойынша ЭТД телефоны – 8 (7122) 35-42-10 хабарлауыңызды сұраймыз.