Қаржы мониторингі комитеті дәрі-дәрмектердің заңсыз сатылымы үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Қаржы мониторингі комитеті дәрі-дәрмектердің заңсыз сатылымы үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес дәрілік заттарды көтерме және бөлшектеп сату үшін фармацевтикалық қызметке лицензиясы болуы тиіс.

Аталған кәсіпкерлік қызметті лицензиясыз атқару ҚР ҚК-нің 214 бабымен (заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банкілік, микроқаржы немесе коллекторлық қызмет) қылмыстық жауапкершілік қарастырылған және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

         Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» № ҚР ДСМ-104 бұйрығымен дәрілік заттардың көтерме және бөлшектеп сатудың шекті бағасы белгіленген.

         Аталған заң нормаларын бұзу үшін ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Заңының 426-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған және кәсіпкерлік субъектісіне қарай 1 000 АЕК дейін (2,7 млн.теңгеден аса) айыппұл жазасы қарастырылған.

Медициналық мекемелерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде ұсынылған дәрілік заттарды бөлшектеп немесе көтерме сату ҚР ҚК-нің 189 бабымен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) «жымқыру» дерегімен саралануы мүмкін және 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеміз.