
2020 жылғы 5 шілдеде дәрі-дәрмектердің тапшылығы жаңдайында COVID-19 пандемиясымен күрес кезеңінде Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қ. бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел ақпарат негізінде тапшы дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактісін анықтады.
Жедел-іздестіру шараларының қорытындысы бойынша Шымкен қ. тұрғыны жалпы сомасы 200 000 теңгеге «Ингавирин» дәрі-дәрмегін рұқсаттық құжаттарсыз заңсыз сатумен айналысқаны анықталды. Яғни, ол 1 қорабын 10 мың теңгеге сатып отырған, ал бұл дәріханалардағы бағадан бірнеше есе қымбат (бағасы 3-5 мың теңге аралығында).
2019 жылғы 15 шілдедегі ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес «Ингавирин» препаратына 1 қорабы үшін 5640 теңге шектеулі бағасы орнатылған.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.