Шымкентте айналымы шектелген дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактісінің жолы кесілді

Шымкентте айналымы шектелген дәрі-дәрмекті  заңсыз сату фактісінің жолы кесілді

Қажетті емдік дәрі-дәрмектердің тапшылығы жағдайында карантин кезінде ҚР ҚМ ҚМК Экономикалық тергеу қызметі еліміздің аумағында дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша ауқымды жұмыс бастады.

Осылайша, Шымкент қ. Экономикалық тергеу департаментіне тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде берілетін дәрі-дәрмекті қолдан заңсыз сату фактісі туралы жедел ақпарат келіп түсті. в

Шымкент қ. тұрғыны рұқсаттық құжаттарсыз дәрі-дәрмектерді заңсыз сатумен айналысқаны анықталды. Сонымен бірге, дәрілердің бөлігі медициналық мекемелермен халыққа тегін берілуі тиіс еді. 

Тегін медициналық көмек шеңберінде медициналық дәрі-дәрмекті жымқыру және оларды заңсыз сату фактісі бойынша тергеу ісі қозғалды.