
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, жалған шот-фактура жазумен айналысқан кәсіпкерге қатысты сот үкімі шыққанын хабарлайды.
Айыпталушы мүліктік пайда алу мақсатында заңсыз әрекет арқылы қасақана жалпы сомасы 634 млн. теңгеге жалған шот-фактура жазып, қолма-қол ақшаға айналдыру барысында Шымкент қаласы бойынша ЭТД қызметкерлерімен жедел іздеу іс-шарасы аясында қылмыс үстінде ұсталды.
Абай ауданы сотының үкімімен кәсіпкер ҚР ҚК 216 бабының 3 б. (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау; ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару) сәйкес кінәлі деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.